Генерал майор Шауқат Сұлтанның жариялаған есебі бойынша кемінде
63 000 адам жарақат алған. Пәкістандық күштер бүгін бейсенбіде алыстау жерде бөлініп қалған Кашмир аймағына тікұшақпен жеткізіле бастады. Сондай-ақ, Нелум алқабы мен Гималай тау бөктеріндегі ауыл-қыстақтарда мыңдаған құрбандар болуы мүмкін деген күдік бар. Ол жөнінде тау-қырдан төмен түскен босқындар айтыпты.