ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін жұмада, Ата заң референдумына бір күн қалғанда, бүлікшіл топ Ирақтағы ең үлкен араб сүнниттері партиясына қарсы шабуыл жасады 14 қазан 2005 жыл, 13:25 Қарулы топ алдымен Бағдадтағы Ислам партиясы кеңсесі алдында бомбы жарды. Артынша Фаллуджадағы партия кеңсесіне өрт қойылды.Сондай-ақ, Киркук қаласында да көлік бомбы шабуылдары болды.