Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдардың басым көпшілігі АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанға жасаған ресми сапарына қатысты мақалалар және Қазақстанда бағасы ұшығып тұрған жанармай мәселесіне қатысты мақалалар топтамасын жариялапты.
Егемен Қазақстан жұмалық санында АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым қатынастың соңғы кезде жедел дамып келе жатқандығы туралы айта келе АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың Қазақстанға жасаған алғашқы сапары жөнінде көлемді мақала жариялапты. Мақалада айтылғанындай жуырда ғана Ақ үйдің бұрынығы президенті Билл Клинтон Қазақстанға келіп кетсе оның ізін суытпай бірқатар американдық сенаторлар мен конгресс мүшелері, әйгілі қор жетекшілері мен саясат саласының белді сарапшылары Қазақстанға келді. Енді міне мемелекеттік хатшы К. Райс ханымының өзі Астанаға ат басын тіреп отыр деп жазады Егемен Қазақстан. К. Райс Қазақстан басшысымен Қазақстанның бүкіл аймақта атқаратын рөлі сондай-ақ Қазақстан қоғамын демократияландыру жолдары мен алдағы президент сайлауына байланысты егжей-тегжейлі пікірталас өткізді деп жазады Егемен Қазақстан.
Осы тақырыпқа қатысты Айқын газеті жұмалық санының бас мақаласы ретінде Кондолиза Райстың қазақша сөйлегісі келеді деген газет тілшісі Айхан Шәріптің мақаласын басыпты. Газет тілшісінің жазуынша АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райс президент Н. Назарбаевпен болған кездесуінде президент атына жылы сөздерін аямаған. К. Райстың әр пікірін, әр пайымын Н. Назарбаевтың сайлауалдындағы оған жасалған халықаралық жарнама ретінде қабылдауға болар еді дейді газет тілшісі. Айқын газетінің жазуынша АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райс сапары барысында Қазақстан президенттігінен үміткерлер Әділетті Қазақстан үшін қоғамдық қозғалысының төрағасы Ж. Тұяқбай мен Ақ Жол демократиялық партиясының төрағасы Ә. Бәйменовпен кездескен.
Айқынның жазуынша Ә. Бәйменовты қолдау штабының жетекшісі Людмила Жуланова кездесу барысына көңілі толғанын айтса, ал Ж. Тұяқбайдың сенімді өкілі бұл кездесуге көңілі толмағанын жеткізіпті. Мақсаты бір екі партия өкілдерінің АҚШ мемлекеттік хатшысымен болған бір кездесуді екі ұдайы бағалауы олардың саяси қөзқарастарындағы алшақтықтың бар екендігін аңғартады деп жазады Айқын басылымы.
Ақ Жол Қазақстан басылымы жұмалық санында Ақ Жол партиясының төрағасы Ә. Бәйменовтың АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райспен кездескен кезінде Қазақстандағы және Орталық Азиядағы аяси жағдайлар төңірегінде сондай-ақ Қазақстандағы экономикалық, саяси жағдайлар туралы пікір алмасқаны туралы жазыпты. Сондай-ақ Ақ Жол Қазақстан газеті Қазақстанға іс сапармен келген Лондон Университетнің профессоры Берна Одшен ханыммен Қазақстанда алда өтетін сайлауға қатысты өткізген сұхбатын жариялапты. Профессор Берна ханым сайлаудың әділ өтуі Қазақстан үшін абырой болады деген пікір айтқан.
Азамат.кз басылымы елде жанармайдың қымбаттауы қарапайым халыққа ауыр тиіп халықтың қалтасын қаға бастағандығын жазыпты.
Өткен айда ПетроҚазақстан компаниясының мұнай өңдеу зауыты экспортқа ондаған мың тонна бензин шығарған. Жанар жағармай Тәжікстан, Грузия, Латвия секілді тағы басқа шет мемлекеттерге сатылып жатқандықтан ішкі нарықта бензин тапшылығы орын алып отыр деп түйіндейді Азамат.кз. Газеттің жазуынша Шымкент қаласындағы май құю стансыларының 50 проценті жанар жағармайдың тапшылығынан қызмет көрсетулерін тоқтатқан. Қаладағы АИ-92 маркалы бензин бағасы 95 теңгеге көтерілген. Апта.кз басылымы болса, ұшыққан жанар жағармай мәселесі билікті қатты қобалжытып отыр деп жазады. Әсіресе бұл мәселеге Қазақстан президенттігінен үміткер Н. Назарбаевты қолдау республикалық қоғамдық штабы қатты алаңдаулы деп жазады газет.