Ирақтың жаңа Ата заң жобасына қатысты сенбі күні өткен референдумның қортындысын шығару үшін елдің ресми өкілдері қазір дауыстарды санап жатыр

БАҒДАД. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс ирақтықтар сенбі күні референдумда елдің Ата заң жобасын қолдап дауыс берген болуы мүмкін деп мәлімдеді. Райс ханым бұл туралы Лондонда айтты. Ирақтың сайлау комиссиясы дауыстарды санау барысында елдің солтүстігіндегі Найнваһ провинциясының конституцияны қолдап дауыс бергендігі туралы мәлім болды деп хабарлады. Ал елдің Салахеддин провинциясы ата заңды мақұлдамаған көрінеді. Ирақ өкіледрінің айтуынша, референдумның ресми қортындысын шығару үшін көбірек уақыт керек болады. Референдумда 10 миллионға жуық адам дауыс берген.

АҚШ әскері сенбі күні Ирақтың Рамади қаласында орын алған жарылыстан 5 американ сарбазы қаза тапты деп хабарлады. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі хабар түскен жоқ.