Қазақстанда оппозиция өкілдері жауапқа тартыла бастады. Егер де осы уақытқа дейін экс-депутат Төлен Тоқтасынов, саясаткер Әміржан Қосанов сынды оппозиция басшылары жауапқа тартылса, енді “Әділетті Қазақстан” қозғалысы президиумының мүшелері Болат Әбілов пен Ораз Жандосовқа қатысты да істер қаралды. Атап айтқанда, 17 қазан күні кешке төрт полиция қызметкері Болат Әбіловке “Заңсыз шеруді ұйымдастырды” деген құжатты табыс етіп, Алматы қаласындағы ауданаралық әкімшілік сотқа жеткізген. Баспасөз өкілдері жіберілмеген үш сағатқа созылған соттан кейін, Болат Әбілов айыпты деп танылып, оған ең кіші 50 айлықтың көлемінде айыппұл салынған.
Ал, сейсенбі күні таңертең Болат Әбілов Алматы қалалық ішкі істер департаментінен тағы да заңға қайшы келетін әрекеттер жасаса, өзінің тұтқынға алынуы мүмкін екендігі туралы ескерту қағазын алған еді. Сондай-ақ құзырлы орындар жіберген бұл ресми құжатты “Әділетті Қазақстан” қозғалысы президиумының мүшесі Болат Әбіловтің 2004 жылдың 27 маусымында Бостандық аудандық сотының шешімімен шартты түрде 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылғандығына орай екі жыл сынақ мерзімі берілгендігі ескертіліпті. Яғни, егер де құқық қорғау орындары Болат Әбіловтің заңға қайшы келетін әрекеттерін байқаса, келешекте ол тұтқындалып, бас бостандығынан айырылуы ықтимал. Осыған орай Болат Әбілов сейсенбі күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Алматы қалалық ішкі істер департаментінен келешекте қатаң шара қолданып, бас бостандығынан айырылатынын хабарлаған ескерту қағазды алғандығын растады. Болат Әбілов мұның бәрін де өзінің саясатпен айналысып жүрген ісімен байланыстырып отыр. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің арасындағы беделі жоғары деген болжамдар шындыққа үйлеспегендіктен, ресми билік оппозициядан қатты сескеніп, осындай қатқыл қадамдарға баруда.
Біз осы мәселеге байланысты түсініктеме беруін өтініп, Алматы қалалық ішкі істер басқармасына хабарластық. Бірақ өзін Ернұр деп таныстырған, алайда аты-жөнін толық айтудан бас тартқан, аталмыш мекеменің қызметкері бір сағаттан кейін хабарласуымызды өтінді. Алайда келісілген уақытта хабарласқанымызда ол Алматы қалалық ішкі істер департаментінің бұл туралы ешқандай мәлімет бере алмайтындығын айтып, Бас Прокуратураға хабарласуға кеңес берді. Осы мәселемен шұғылданып жүрген адвокат Серікқали Мусинның айтуынша, бұл істі қарау 18 қазан күнге белгіленгендігіне қарамастан, ешқандай да негізсіз оның мерзімін 17 қазанға жылжыту туралы шұғыл шешім қабылданған.
“Мен кеше таңертең Болат Әбіловтың адвокаты ретінде бұл істі 18 қазанға ауыстыру туралы өтінішті сотқа апарып бергенмін. Сот менің талабымды қанағаттандырды. Осыдан кейін мен Болат Әбіловке хабарласып, барлық мән-жайды түсіндіргенмін. Алайда Алмалы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері бізге белгісіз себептермен Болат Әбіловке іздеу салып, оны баспасөз мәсилихатын өткізіп жатқан жерінен сотқа алып келді”- деді адвокат.
Оппозиция басшыларының жаппай жауапқа тартыла бастауы Қазақстан қоғамында түрлі пікір туғызды. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиев ресми биліктің бұл әрекеттері сайлаушылардың көңіл-күйіне әсері етуі ықтимал деп есептейді. Оның айтуынша бұл әрекеттердің бәрі де халықтың ресми билікке деген наразылығын күшейте түседі.
Сондай-ақ, сейсенбі күні Алматы қаласындағы ауданаралық әкімшілік сотта “Әділетті Қазақстан” қозғалысы президиумының тағы бір мүшесі Ораз Жандосовқа қатысты іс қаралды. Сот шешімімен оған 20 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.