Люксембург. Аталған проблема сейсенбі күні Одақтың 25 елінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде талқыланды. Европа одағының денсаулық комиссары Маркос Киприаноу Европаға жеткен құс тұмауының вирусы адамдар арасындағы тұмау қатерін өршітпейді деп атап көрсеткен:
- Бұдан ешқандай ел тек өзін ғана қорғап қала алмайды. Бізге ынтымақтасқан, үйлестірілген шараларды жүргізу қажет және Европа одағының барлық елдері құс тұмауына қарсы күрестің ұлттық жоспарын керек.
Бұған дейін тек Азияда белгілі болған құс тұмауы енді Румыния, Түркия, Грекия елдерінде табылып отыр. Алдыңғы екеуінде ауру құстардан адам өміріне қауіпті вирус белгілері байқалған. Грекия мен Македонияда үй құстарынан алынған анализдер қазір лабораториялық тексерістен өткізілуде. 2003 жылдан бері Азияда құс тұмауынан 60 адам қаза болған. Францияның бас министрі Доминик де Виллепин құс тұмауынан қорғану мақсатында 50 мыңдай маска елдің ауруханаларына таратылды дейді.