Бішкек. Бір күн бұрын Молдаванка түрмесіндегі толқулар кезінде Парламент депутаты қаза тапқан болатын. Бүлік шығарған қамаудағылар түрме жағдайын жақсартуды талап еткен. Қырғызстан Парламенті депутат Тынычбек Ахматбаевтың қазасының жай-жапсарын талқылаған төтенше мәжіліс өткізді. Депутат өліміне кінәлілер анықталды. Биылғы жылдың өзінде Қырғызстанда осымен үшінші депутат мерт болды.