Будапешт. Енді бұл вакцинаға Ресей, Британия және АҚШ тарапы қызығушылық танытқан. Жұма күні құс тұмауы Ұлыбритания мен Хорватияда бірінші рет тіркелді. Британияда H5N1 вирусы өлген тотықұстан табылған. Бұдан бұрын құс тұмауы Румыния, Грекия мен Түркияда, Ресейде тіркелген болатын. Европа одағы кеше құс еттері мен басқа да өнімдерін Хорватиядан импорттауға шектеу қойды. Денсаулық сақтау мамандары құс тұмауының етек алуынан оның вирусы адамдар арасында да тез таралып кетуі мүмкін деп алаңдауда.