Украинаның “Криворожсталь” болат комбинаты екінші рет саудаға қойылады

КИЕВ. Бүгін Украинаның болат өндіретін ең ірі “Криворожсталь” комбинаты екінші рет аукционға шығарылуға тиіс. Орталық Украинада орналасқан ол зауыттың саудасына 3 фирма қатыспақшы. Аукцион Украина теледидарынан көрсетіледі. Украина үкіметі зауыттың бастапқы бағасын 2 млрд доллар деп отыр. Бірақ президент В.Ющенконың үкіметі оның тең жартысына да қанағаттанбақшы. 2004-інші жылы “Криворожсталь” сол кездегі президент Л.Кучмаға туыстығы бар бір кәсіпкерге 800 млн. долларға сатылды. Алайда В.Ющенко “ұрлық” деп бағалаған бұл сауда сот өкімімен бұзылды. Сарапшылардың айтуынша, В.Ющенконың әкімшілігі францұздардың Arcelor компаниясы бастаған инвесторлар тобына “бата” берген сияқты.