25 қазанда Қазақстанда президенттік сайлау науқаны ресми түрде басталды. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер 8 азаматты тіркемесе, Бас прокуратура үгіт-насихат жұмысы қатаң бақылауда болатындығын ескертіп отыр. Ал президенттікке оппозициялық күштердің үміткері, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жеткешісі Жармахан Тұяқбай сейсенбі күні жұртшылық өкілдерін өзінің сайлау тұғырнамасымен таныстырды.
Қазақстан Республикасының президенттігінен үміткер ретінде тіркелген бес азаматтың бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау штабы өкілдері өздерінің сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын Алматы қаласы көшелеріне үміткерлерін қолдауға шақырған жарнамалар мен суреттерін ілуден бастаса, оппозициялық «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай өзінің сайлау алды науқанын 25 қазан - Республика күніне орай Алматының орталық алаңындағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған тақта мен Қазақстанның бұрынғы басшысы Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден бастады. Ал бұл күні мерекелік шаралар өтіп жатқан осы алаңдағы тәуелсіздік монументін тәртіп сақшылары темір қоршаумен айналдыра қоршап тастағандықтан, оған жұртшылық жақындай алмай тұр еді. Бірақ, тәуелсіздік белгісіне де гүл шоқтарын қоюға өз әріптестерімен бірге келген Жармахан Тұяқбай заң қызметкерлеріне республика күні мерекесінен де маңызды даталардың барын алға тартты.
Ал түстен кейін Қазақстан президенттігіне республикадағы оппозициялық күштерден бірегей кандидат, «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай жұршылықты өзінің сайлау науқаны барысындағы жұмыс бағдарламасы және үгіт-насихаттарын қалай жүргізетіндігімен таныстырды. Алдағы сайлауда өзінің жеңіске жететіне сенімді Жармахан Тұяқбай сайлаудан соң, билікті өз қолдарына алғаннан кейінгі кезеңдегі іске асырмақ бағдарламасымен қоса, өзімен бірге жұмыс істейтін әріптестерін қандай қызметтерге тағайындайтындығымен де жұртшылықты құлағдар етті.
«Елдің әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсартып, Конституциялық реформалар жүргізуге бағытталған бағдарламаны тек жанымдағы кәсіби білігі жоғары азаматтармен бірге жүзеге асыратын боламыз», - дейді Жармахан Тұяқбай. Сондай-ақ ол премьер-министр қызметіне үш үміткердің: Ғалымжан Жақиянов, Ораз Жандосов және Болат Әбілевтің бар екендігін айтты. Сонымен қатар Жармахан Тұяқбай елдегі экономика, жекешелендіру мәселесі мен шетелдермен байланыс аясы заң шеңберінде шешілетіндігін мәлімдеді.
Бұған қоса, Жармахан Тұяқбай өзі мен зайыбының табыстары жөніндегі декларацияны жұртшылықтың назарына ұсынып тұрып, өзінің саяси бәсекелесі, Қазақстанды соңғы 15 жылдан астам уақыт басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтан да осындай құжат көргісі келетінін айтты. Журналистердің қойған сауалына берген жауабында Жармахан Тұяқбай, сайлау кезіндегі саяси теледебатқа тек бір ғана адаммен - Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге қатысуға әзір екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ж.Тұяқбай алдағы сайлау әділетсіз өткен жағдайда оның нәтижесіне қарап, өз қарсылығымызды да білдіретін боламыз дейді.
Ал Қазақстанның бас прокуратурасы өзінің соңғы таратқан мәлімдемесінде Қазақстанда президенттіктен үміткерлер сайлау алды науқаны барысында ашық далада өткізетін кездесулердің барлығын тек қана алдын-ала берілген өтініш негізіндегі рұқсат арқылы жүзеге асыруы қажеттігін ескертіп отыр.