Бішкекте екі бөлек топтың бірі өкімет басшысының қызметінен кетуін талап етіп, ал екіншісі ондай талапқа қарсы болып, шеру өткізуде

Парламент сыртында бүгін бесінші күн жиналып отырған 300-дей адам өкімет басшысы Куловтың қызметінен кетуін талап етуде. Олардың айтуынша Феликс Кулов мырза- депутат Тынычбек Актамбаевтің өліміне жауапты. Ол марқұм өткен аптада, түрмедегі дағдарыстар кезінде қаза болған-ды. Кулов мұндай айыптауларды жоққа шығаруда. Басқа бір алаңда басқосқан бір мыңдай адам Куловты жақтап үн қосуда. Елбасы Құрманбек Бакиев шерушілерді сабырға шақырған болатын.