Қазанның 27-сі күні Алматыда «Қырғызстандағы саяси жағдай және оның нәтижелері мен болашағы» атты халықаралық конференция болып өтті. Бұл конференцияны Демократияны дамыту жөніндегі ортаазиялық қор ұйымдастырды. Жиынға Қазақстанның саясаткер, сарапшыларымен бірге Қырғызстанның Жогорку Кенеш депутаты Жантөре Сатыбалдиев, «Әділет және ілгерлеу» партиясының төрағасы Мұратбек Иманалиев және Бермет Ақаева сынды Қырғыз елінің өкілдері де қатысып, Қырғызстандағы қазіргі саяси жағдайды жан-жақты талқылап, пікірлерін ортаға салды.
Демократияны дамыту жөніндегі ортаазиялық қор ұйымдастырған бұл халықаралық жиынға қазақстандық және қырғызстандық белгілі сарапшылар мен талдаушы мамандар және Қазақстанда орналасқан халықаралық ұйымдар мен шетел елшіліктерінің өкілдері қатысты. Конференция барысында Қырғыз Республикасындағы бүгінгі саяси жағдай, оның даму барысы мен болжамдар туралы сарапшылар тарапынан түрлі пікірлер айтылды.
Қырғыз Республикасының заң шығарушы органы - Жогорку Кенештің депутаты Жантөре Сатыбалдиевтің пікірініше Қырғызстанда төңкеріс орнауына екі түрлі жағдай себепші болған.
«Біріншіден, бұрынғы президент А.Ақаев билік басында болған 15 жыл ішінде елді дұрыс басқара алмады, екіншіден, осы елдегі халық жаппай кедейшілікке ұшырады. Осы екі түрлі жағдай халықтың билікке қарсы төңкеріс жасауына әсер етті», - дейді ол.
Жогорку Кенеш депутаты Ж.Сатыбалдиевтің айтуынша, экс-президент А.Ақаевтің орнына келген жаңа билікте елдегі жағдайды дұрыс басқара алмай, бұрынғы биліктің жіберген қателіктерін қайталап отыр. Бұл соңғы күндері Қырғызстанды саяси мазасыз жағдайға апарып отыр дейді ол. Ал Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті А.Ақаевтың қызы, Жогорку Кенеш депутаты мандатынан айырылған Бермет Ақаева Қырғызстандағы қазіргі саяси жағдайды өте ауыр деп бағалады.
«Елде қылмыстық топтар көбейген, бей-берекетсіздік жағдай орнайтын түрі бар, елдегі жағдайды тұрақтандыруға жаңа билік ешнәрсе істей алмай отыр. Ал парламенттің өзі үлкен қыспақ астында қауқарсыз күй танытып отыр» - дейді Б.Ақаева.
Қазақстандық сарапшы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжау институтының президенті Сәбит Жүсіповтың пікірінше Қырғызстанда орын алған саяси жағдайдың тамырын қырғызстандық сарапшылар айтқаннан гөрі одан да сәл тереңнен іздеген жөн.
«Мысалы, постсоветтік кеңістік елдерінде орын алған жекешелендіру процесстері көп жағдайда өте әділетсіз, заңсыз жағдайда жүргізілді. Осы жекешелендіруде өздеріне көбірек қарпып қалған билік өкілдері елде саяси жағдайды дұрыстауға, демократияны өркендетуге онша қызықпады, көңіл бөлмеді. Осындай жағдай Қырғызстанда да орын алды. А.Ақаев бір жағынан елде демократиялық өзгерістер жасаймын деп уәде етсе, екінші жағынан жекешелендірудің әділетсіз, заңсыз жағдайда өтуіне жол берді. Бұл халықтың ыза-ашуын туғызды», - дейді қазақстандық саясаттанушы.
Қазақстандық тағы бір сарапшы Андрей Чеботаревтің айтуынша, Қырғызстандағы қазіргі жағдай бұрыннан белгілі бір ескі мақалды еске түсіреді, яғни, «қандай бір төңкеріс түптің түбінде осы төңкерісті жасағандардың өздерін де құрбандыққа шалуы мүмкін».
«Қырғызстанда төңкеріс орын алғанымен ескі биліктің орнына келген жаңа билік те елдегі саяси тұрақсыздыққа қарсы ешнәрсе істей алмай отыр» - дейді ол.