Бейсенбі күнгі жарық көрген басылымдарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды тіркеуді аяқтағандығын хабарлапты. Оппозициялық күштердің атынан алдағы сайлауда бағын сынағалы отырған ҚР Президенттігіне кандидаттардың бірі Жармахан Тұяқбай Қазақстандағы авторитарлық билікпен күресу үшін сайлауға түсуге бел буғандығын мәлімдепті.
Бейсенбі күні жарық көрген “Егемен Қазақстан” басылымында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттарды тіркеуді аяқтағандығын хабарлапты. Сондай-ақ осы басылымда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелген бес адамның өмірбаяны беріліпті. Ал, газет бетінде жарық көрген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының мәлімдемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 9-қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Бас Прокуратураға заңнаманың сақталуына қадағалауды күшейту, сайлау туралы заңнаманың бұзылуы фактілері туралы арыз-шағымдар бойынша шұғыл шаралар қолдану тапсырылғандығы айтылыпты.
“Ана тілі” газетінде жарық көрген Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарына үндеуінде Қазақстан Республикасының президенттігіне барлық кандидаттарға өз бағдарламаларын таныстыру үшін мемлекеттік теле және радиоарналардың баспалық бұқаралық ақпарат құралдарының бекітілген уақыт пен көлемді бөлінуіне кепілдік берілетіндігі хабарланыпты.
“Айқын” газетінде жарық көрген Айхан Шәріптің мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы президент сайлауының қарсаңында Бәйкен Әшімов бастаған бір топ ақсақалдан бата алғандығы айтылыпты.
“Жас Алаш” басылымында жарық көрген Мұхтар Жанұзақұлының мақаласында Алматы қаласындағы ең көрнекті жерлерге Нұрсұлтан Назарбаевтың 90 суретінің ілінгендігі баяндалыпты. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, өкімет “Ақ жол” партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовты дауыс бөлгіш қарсылас етіп сомдай бастаған көрінеді. Сондай-ақ мақала авторы Жармахан Тұяқбайдың да, Нұрсұлтан Назарбаевтың жақтастарының да сары түсті таңдап алғандығына тоқталып, оны биліктің сайлаушыларды шатастыру үшін жасап жатқан әрекеті ретінде бағалапты. Мақалада Жармахан Тұяқбайдың жеңіске жеткен жағдайда бірінші болып конституциялық реформаларды қолға алуға уәде бергендігі, зайыбы екеуінің табысы туралы декларацияны жұрт алдында жария еткендігі және Президент Нұрсұлтан Назарбаевты да осындай қадам жасауға шақырғандығы айрықша айтылыпты.
Ал, бейсенбі күні жарық көрген “Время” газетінде “Мен Нұрсұлтан Назарбаевты сайысқа шақырамын” деген атпен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген Жармахан Тұяқбайдың мәлімдемесі жарық көріпті. Өз мәлімдемесінде Жармахан Тұяқбай ұзақ жылдар бойы Мемлекет басшысының қасында жұмыс жасағандығын айта келіп, Қазақстанның барлық байлығын иеленіп алған оның отбасы мен коррупцияға белшесінен батқан олигархиялық топтардың мәжіліс сайлауы кезінде халықтың ар-намысын таптап, Парламентті де бөліп алғаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаевтан күдерін үзгендігін тілге тиек етіпті. Жармахан Тұяқбай Президенттік сайлауға түсуінің себебін, Қазақстандағы авторитарлық билікпен күресуге бел буғандығымен түсіндіріпті.
“МК в Казахстане” басылымында жарық көрген Тимур Исаевтың мақаласында әлеуметтанушылардың жүргізген сауалнамасы негізінде Жармахан Тұяқбайға қарағанда “Ақ жол” партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовтың рейтингінің жоғары екендігі айтылыпты. Мақала авторының айтуынша, осындай мағынадағы зерттеулерден кейін кейбір басылымдарда Әлихан Бәйменовтың өтірік оппозиционер екендігі туралы мақалалар жарық көре бастаған.
“Свобода слова” газетінде жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның мақаласында Президент сайлауының алдында билік тарапынан тәуелсіз басылымдарға байланысты қысымның күшейіп, олардың бірінен соң бірінің жауапқа тартылып жатқандығы сөз болыпты.