Газеттің ол санында Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның бизнесі туралы мақала болған дейді осы басылымның бас редакторы Гүлжан Ерғалиева. Газетте «Әлия Назарбаева өз бизнесін қалай жасауда» деген тақырыпта зерттеу мақала басылған екен. "Свобода слова" басылымының 50 мың данасы бұдан бір апта бұрын ондағы бір мақала президенттің ар-намысына кір келтіреді деген күдікпен тәркіленген болатын.