Жұма күні Қазақстанда жарық көрген мерзімді басылымдардың басым көпшілігі Қазақстанда өтетін алдағы президент сайлауына қатысты сараптамалық мақалалар мен сарапшылар пікірлерін оқырмандар назарына ұсыныпты.
«Айқын» басылымы жұмадағы санында саясаттанушы Ерлан Қаринның алдағы сайлауға қатысты айтқан болжау пікірлерін беріпті. Е.Қаринның пікірінше, алдағы сайлауда президенттіктен үміткер бесеудің арасындағы негізгі тартыс қазіргі президент Н.Назарбаев пен оппозициядан бірегей үміткер Ж.Тұяқбайдың және «Ақ Жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов арасында өтпекші. «Ал қалған екі үміткер - Мэлс Елеусізов пен Ерасыл Әбілқасымов бұл үшеуінің маңайынан алыс қалады» дейді саясаттанушы Е.Қарин. Оның айтуынша күні кеше билікте болып, бүгінде оппозиция серкесіне айналған Ж.Тұяқбайдың президенттік сайлау қарсаңында белсенділікке ие болуы бұл Қазақстанның дамуы барысындағы жетістік болмақ, алайда, осы жолы оның президент бола алатын мүмкіндігі жоқ» деп түйіндейді Е.Қарин «Айқынға» берген сұхбатында.
«Түркістан» саяси апталығы жұма күнгі санында президент сайлауына қатысты газет тілшісі Есенгүл Кәпқызының «Марафон басталды» деген сараптамалық талдау мақаласын жариялапты. Газет тілшісі өз мақаласында алдағы сайлауға байланысты халықаралық қауымдастық пен ішкі сыртқы күштердің алдағы сайлаудың ешқандай сенсациясыз, айғай-шусыз өтетіндігі туралы қазіргі президент Н.Назарбаевтың басым дауыспен бірінші кезеңде-ақ жеңіске жететіндігі күмәнсіз екендігі туралы айтқан болжамдарын келтіріпті. «Назарбаевтан кейінгі дауысқа ие болатын адамның бірі ретінде Ә.Бәйменовтың есімі аталуда, ал Ж.Тұяқбай Н.Назарбаевтан кейінгі дауысқа ие болуы мүмкін деген болжам айтылғанымен, бүгінде билік оның ол мақсатқа жетуіне кедергі келтіретін амалдар қарастыруы мүмкін» дейді мақала авторы. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Ең бір қызығы, оппозиция да, билік те сары түсті таңдапты. «Полиция сары түсті ту етіп ұстағандарды оппозиция өкілдері деп ойлап, қуғын салғанда олар биліктің жақтаушылары болып шығып, полицияның өзі шатасып, соңында Назарбаевтың сайлау штабының адамдары оппозиция біздің түсімізді ұрлап алды деген мәлімдеме таратқан. Қалай дегенмен түстің бірыңғай болуы шын мәнінде оппозицияның шарасыздығын танытып отырса керек» деген ой түйеді газет тілшісі өз мақаласында.
«Жұма-Таймс» басылымы да осы сайлау тақырыбына қатысты мәжіліс депутаты Амалбек Тшановтың пікірін жариялапты. А.Тшановтың пікірінше сайлау додасына түсіп жатқан бесеудің екеуі - Әбілқасымов пен Бәйменов бүгінгі билікті қорғау үшін әдейі жіберілген адамдар көрінеді. «Ал Елеусізовке келер болсақ ол сайлаудан жалықпайтын өзінше бір демократ. Нағыз күрес Тұяқбай мен Назарбаев арасында болады. Ал Ж.Тұяқбайдың сайлау алдындағы бағдарламасы көптің көңіліне шығады» деп тон пішеді мәжіліс депутаты А.Тшанов «Жұма-Таймсқа» берген сұқбатында.
«Azamat kz» басылымы жұма күні жарық көрген санында «Сайлаудан соң бағалар ұшып кетуі мүмкін бе?» деген тақырыппен мақала жариялапты. Газеттің жазуынша, «қазірдің өзінде сайлаудан соң ұлттық ақша теңге құнсызданып, тұрғын үй төлемақы бағалары шарықтап кетеді деген қаңқу сөз ел ауызында жүр, ел айтса тегін айтпайды. Олай айтылуына себеп - қазірдің өзінде азық-түлік жанар-жағармай бағалары қымбаттап кетті. Қара май бағасының қымбаттағынан шырайлы Шымкенттің шырқы кете бастағаны кеше ғана емес пе еді» дейді «Azamat kz» басылымы. Экономист Болатхан Тайжан газетке берген сұхбатында «Қазақстанда тұтынатын тауарлардың 90 проценті шетелден әкелінеді. Сондықтан халықта ақша көбейген сайын тауар бағасы өсе береді, одан шығатын жалғыз жол - халық тұтынатын заттардың кем дегенде 60 процентін Қазақстан өзі өндіріп шығармаса баға ұдайы өсе береді Ал осы жағдайда қызметкелердің жалақысын зейтетақыны, стипендияны өсіреміз деп дабыл қағу экономикалық надандық» деген пікір айтқан. Ал белгілі санақшы Төлеген Асқаров жаңа жыл алдында ішкі сауда-саттықтың қыза түсуіне байланысты инфляция болып, доллардың бағасы көтеруі мүмкін екендігін айтқан.