Әзірбайжан оппозиция басшылары бірінің әкесі қамауға алынды

Әзірбайжан ұлттық қауіпсіздік министрлігі белгілі ғалым Элдар Салаевты қамауға алды. Элдар Салаев 1980 жылдары Әзірбайжан ғылым академиясының президенті болған. Оның ұлы Елман - оппозициялық Әзірбайжан демократиялық партиясы төрағасының орынбасары. Билік өкілдері Элдар Салаевтың ұлы Елманға әкеңіз қамауда 48 сағат отырады деп айтқан көрінеді.