Қытай елбасы Коммунистік Корея басшысы Ким Жоң Илмен жоғары деңгейлі келіссөздер жүргізеді. Ол сапар қарсаңында Қытай сыртқы істер министрі Ли Жаоксинг телефонмен хабарласып, АҚШ мемлекеттік хатшысы К. Райспен кеңесіп алды. Бейжинде өткен айда болған 6 жақты келіссөздер нәтижесінде егер Солтүстік Корея өз ядролық бағдарламасынан бас тартса көмек ұсынылып, қауіпсіздік кепілдігін де алады делінген болатын. Бірақ Солтүстік Корея ядролық реактор талап еткен.