Хабарға қарағанда ол жөнінде тәуелсіз тергеуші Патрик Фиджералдың дерегі жариялануы мүмкін екен. Ол АҚШ президентінің саяси кеңесшісі Карл Роув және вице-президент Чейнидің әкімшілік басшысы Льюс Либиге қарсы тағылған айыпты екі жыл бойы зерттеген. Роув пен Либби 2003-жылдың маусым және шілде айларында Орталық барлау агенттігінің қызметкері жөнінде тілшілерге айтқан. АҚШ-тық дипломат Уилсон ол кезде Ирақтағы соғыстың дәлелі ретінде барлау деректерін бұрмалаған Буш әкімшілігін қаралаған болатын. Ал АҚШ заңы бойынша Барлау агенттігінің қызметкерінің есімін жариялау қылмыс болып есептеледі.