Үндістан мен Пәкістан Кашмир шекарасын ашуға келісті

Бұл шара жер сілкінісінен аман қалған адамдарды құтқару қамымен жасалып отыр. Кейбір бекеттер ашылып, жерсілкінісінен аман қалған жұртқа шекарадан өтуге рұқсат етілмек. 8 қазанда болған апаттан Кашмирдің пәкістандық бөлігінде 54 мың адам қаза тапты, Кашмирдің үндістандық бөлігінде 1 мың 300 адам қаза тапты. Мыңдаған адам азық-түліксіз қалды, суықта ашық аспан астында өліп жатыр делінеді. Кашмирдің Гималай тауларында енді бірнеше аптада қатаң қыс басталады.