Кеше Бакуде Әзірбайжан оппозициясы өзінің шеруін өткізді

БАКУ. Бұл шараға 3 мыңға жуық адам қатысты. Парламент сайлауларына бір апта қалғанда “Азадлығ” коалициясын қолдаушылар қызғылт-сары бас киімдер киіп, қолдарына қызғылт-сары жалаушаларды ұстап шықты. Әзірбайжан полициясы оппозицияның бұдан бұрынғы наразылық шараларын күш қолданып, таратқан болатын. Парламенттік сайлаулар қарашаның 6-на белгіленген.