БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияға қатысты резолюцияға дауыс береді

НЬЮ-ЙОРК. Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирия Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Хариридің өлімін зерттеп жатқан халықаралық тергеушілермен бірге жұмыс атқаруға тиіс, әйтпесе Сирияға қарсы жаза қолданылуы керек деген қарар бойынша дауыс береді. Бұл құжатты АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері әзірлеген. Жақында БҰҰ-ның арнайы комиссиясы Хариридің өліміне Ливан мен Сирия ресми өкілдерінің қатысы болуы мүмкін деген баяндамасын жариялады. Осы жылдың ақпан айында Бейруттегі жарылыстан Харири мен тағы басқа 20 адам қаза тапқан болатын.