Еуропадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымы өкілдері бүгін Қазақстанға бес күндік сапарын бастады

Улы қалдық отындарды жою ісінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымы Қазақстанға көмектеспекші. Жоғары дәрежедегі зымырандық жарылғыш отынды қайта өңдеуден өткізу ісіне аталған ұйым техникалық және қаржылық жағынан көмек көрсетуді жоспарлауда. Ол қалдықтарды жоюдың тиімді жолдарын қарастыруға көмектесу бағдарламасының аталған сапар бір бөлігі ғана. Жобаны жүзеге асуру үшін бұл ұйым қосымша қаржы көздерін қарастыруда.