АЛМАТЫ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанның билік орындарын Интернет парақшаларының тіркелуіне қатысты жаңа ережелерден бас тартуға шақырды. Аталған ұйымның бұқаралық ақпарат құралдары бойынша өкілі Миклош Харажтинің айтуына қарағанда, үкімет тарапынан енгізілейін деп жатқан бұл ережелер Қазақстанда сөз бостандығын тұншықтыруы мүмкін.