Мәскеу. Ресейдің ауылшаруашылық министрі Николай Власов лабораториялық тексерудің нәтижесі Челябі аймағында табылған вирустың адам өміріне қауіпті H5N1 вирусы екендігін көрсетті деген, Ассошайтед пресс агенттігіне берген сұхбатында. Осымен Ресейдің 8 провинциясында "құс тұмауының" белгілері табылып отыр, ол жерлерде мыңдаған үй құстары жойылды. 2003 жылдан бері Азияда 60 адам құс тұмауының құрбаны болған. Канадада да "құс тұмауының" вирусы табылған.