Түркияда мәшинеге қойылған бомба жарылды

Түркияның Семдінли қаласында мәшинеге қойылған бомба жарылды, 23 адам жараланды. Шабуылды күрд көтерілісшілері жасады деп мәлімдеді жергілікті әкімшілік. Семдінли қаласы елдің оңтүстік-шығысында, Ирақ пен Иран шекарасының маңында таулы аймақта орналасқан. Күрд жұмысшылар партиясы деп аталатын заңсыз көтерілісшіл ұйым тарапынан ешқандай мәлімдеме жасалған жоқ.