Қазақстандық «Қазкоммерцбанктің» қаржы институттары жөніндегі департаментінің менеджері Наталья Кимнің айтуынша, «Қазкоммерцбанк» пен Чехия Республикасының ірі банктерінің бірі «Komercni Bankа» 6 млн евро көлеміндегі несиелік келісімге қол қойып отыр.
Сонымен, Орталық және Шығыс Еуропада ең ірі банктердің бірі саналатын чехиялық банк «Қазкоммерцбанкке» осыншама көлемде несиені Чехияның белгілі «Шкода» автокөліктерін Қазақстанда құрастыру жобасын табысты жүргізу үшін беріп отыр дейді банк өкілі. Оның айтуынша, «Қазкоммерцбанк» өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласында орналасқан «Азия Авто» атты автокөлік құрастыру зауытына Чехия банкісі берген несиені рет-ретімен беріп отырады.
«Чехия банкісі мен Қазақстандық банк арасындағы бұл несие келісімі бір жыл мерзімге қуатты деп саналады. Ал егер екі жақ қажетті деп тапса, онда келісім мерзімін 3 жылға дейін соза алады», - дейді банк өкілі Н.Ким.
«Азия Авто» компаниясының сауда бөлімінің бастығы Денис Коноваловтың айтуынша, Өскеменде орналасқан Еуропа үлгісіндегі сапалы автокөліктерді құрастыру зауыты жылына 5 мыңға дейін автокөліктерді құрастырып шығара алатын мүмкіндігі бар.
«Өскемендегі бұл зауыт қазір Чехияның «Шкода» зауытынан әкелінген автобөлшектерді құрастыру арқылы «Октавия тур» үлгісіндегі машиналарды құрастырып шығарып жатыр. Биылғы жылдың соңына дейін 500 дана осындай машина шығармақшымыз», - дейді Д.Коновалов.
Оның айтуынша, Өскемендегі зауыт Чехиядан және Германиядан әкелінетін 100 процент автобөлшектерді құрастыру арқылы «Шкода» автомашиналарын жасап жатыр. Қазіргі Шкоданың «Октавия тур» үлгісінің бағасы автокөліктің іші-сыртындағы қосымша тапсырыстарға байланысты 13-19 мың АҚШ доллар аралығында дейді ол.
Зауыт келесі 2006 жылдан бастап «Октавия Superb» үлгісін жасай бастамақ. Оның бағасы 24 мың АҚШ доллары көлемінде болады дейді компания өкілі. Оның айтуынша, Өскемендегі зауыт алдағы жылдары «Шкода» автокөліктерін Қазақстаннан тысқары Ресей, Беларусь, Қытай секілді шетелдерге экспортқа шығарып сатуды қолға алмақшы. Алдағы болашақта Шкоданың «Октавия New» үлгісін де Қазақстанда құрастырып жасау көзделіп отыр дейді компания өкілі Д.Коновалов.