Бұл үдеріс АҚШ және Ирақ солдаттары мен көтерілісшілер арасындағы атыстар саябырсыған сәтте жүзеге асуда. Коалиция күштері аталған қаладан көлік мініп шыққан кез-келген азаматтың оқ астында қалатындығын дыбыс күшейткіш арқылы ескертуде. “Болат тор операциясы” деп аталатын бұл әскери шараларды АҚШ әскерилері бастаған күш үшінші күн жүргізуде. Ондағы мақсат- Сириядан келуі мүмкін көтерілісшілердің жолын кесу. Бұл шараларға 2500-де АҚШ және 1000-дай Ирақ әскерилері қатысуда. Қазірге дейін кем дегенде 17 көтерілісші қаза болғанға ұқсайды.