Әлем елдерінің 300-ден аса адам және мал дәрігерлері, сондай-ақ өкімет өкілдері сарапшылары бұл аурудың алдын-алу шараларын ақылдасуда. Аталған басқосу БҰҰ-ы жанындағы Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан ұйымдастырылып отыр. Егер аталған сырқат адамнан адамға жұғуы мүмкін сияқты қауіп туындаған жағдайда соған қарсы тұру шараларына әлем халқын әзірлеу керек, дейді сарапшы-ғалымдар. Бұл шаралар кезек күттірмейтін үдеріс болуы тиіс, деп отыр ғалымдар.