Қарашаның 7 күні - Қазан төңкерісіне 88 жыл толды. Кеңес Одағы кезінде үлкен мереке болатын тарихи күнді қариялар еске алып, бір-бірін құттықтап жатады. Ал 17-18 жастағы жаңа буын өкілдері бұл мереке жөнінде көп біле бермейді. 13 жылдан астам уақыт бұрын өз тәуелсіздігін алған Қазақстан азаматтарының социалистік жүйеге деген көзқарасы қандай? Қазақстанда бүгінгі таңда коммунизм идеясын кім қолдайды?
Осыдан 88 жыл бұрын большевиктер партиясы бастаған Қазан төңкерісін еске алған Қазақстан коммунистерінің азғана тобы дүйсенбі күні Алматыдағы Ленин ескерткішінің жанына жиналды.
- Бұл тарихи күн, себебі, 1917 жылы осы күні дүниежүзіне әйгілі социалистік төңкеріс жеңіске жеткен. Бұл күннің тек Кеңес Одағына мүше елдердің азаматтарына ғана емес, күллі әлемге әсері мол. Оны қандайда бір көрсеткіштермен дәлелдеудің қажеті жоқ. Себебіг, Кеңес Одағы әлемдегі ірін, күшті экономикалық, саяси жетістікке жеткен мемлекет болды. Оның ішінде біздің Қазақстан да бар, қазақ елі, Кеңес Одағы ыдырар алдында, 15 республика ішінде ең бірінші орынға ие болды деп айтсақ, артық болмайды, - дейді Қазақстан Коммунистік партиясының біріші хатшысы Серікболсын Әбділдин.
Жыл сайын қарашаның 7-сін Өмірбек Баялиев те еске алып, атап өтеді. Қазіргі кезде орта жастағы азамат, бұрындары қараша мерекесі кезінде жұрттың алаңға шығып, ұрандатқанын айтады.
- Мінберден тұрып, ұрандайтын азаматтар болатын. Олар “Коммунисттік партия жасасын, ура!” дейтін. Сосын топта келе жатқан, шеруге шыққан азаматтар солармен қосылып, айқалайтын, - дейді Өмірбек Баялиев.
Кеңес заманында алаңға шығып ұрандатқандардың арасында Гүлсағира Аманжолава да болған. Бүгінде зейнеткер әже өмірінің қызық уақыттарын Кеңес Одағында өткізгенін есіне алып, сол күндерді сағынатынын айтады.
- Мен үшін, жетім балалар үшін Кеңес Одағының көмегі көп болды. Мәселен, біз жоғары білім алдық, жұмыс істедік, уақытымен демалдық. Кеңес Одағы кезінде елдің барлығы Кавказға барып демалатын. Сол себептен мен барлық мүмкіндікке ие болып, демалатын жерлердің барлығына барған болатынмын. Қазіргі кезде мен үйде отырамын, жұмыс жоқ, Кеңес Одағында мен демалыс үйлеріне кетіп қалар едім, бірақ ондай мүмкіндік болмағандықтан, осында, саябақта жүрмін, - дейді Гүлсағира Аманжолава.
Қазақстан коммунисттерінің пікірінше, республикада коммунизм идеясын қолдаушылар көп. Өйткені, Кеңес Одағын аңсаушылар, әділдікті, шындықты іздейді, дейді Қазақстанның коммунисттер партиясының серкесі Серікболсын Әбділдин.
Кеңес Одағының жақсы тұстарын да, жаман жақтарын да көріп, білген азаматтардың бірі Қасымжан Досымқұлов. Жасы 50-ге келіп қалған Қасымжан Досымқұлов социалисттік жүйені мүлдем іздемейтінін айтады.
- Себебі, кеткен жүйе келмеске кетті, ал Одақ ыдырағаннан бері 15-20 жылдай уақыт өтті, түрлі өзгерістер орын алды. Сол себептен біз тек есімізге алып қоямыз, бірақ басқа ойда жүреміз. Бұрынғы жүйені мен аңсамаймын, мен бүгінгі өміріме ризамын, өйткені республикамыз егемендігін алды, менің жұмысым бар, - дейді Қасымжан Досымқұлов.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері өзінің ана тілінде емін-еркін сөйлейтін болғандықтан Өмірбек Баялиев осыдан 15 жыл бұрын болған алпауыт мемлекетті қазір сағынбайтынын айтады.
- Барлығын жаман деп айта алмаймын, барлығы жақсы болды деп те айта алмаймын. Себебі ұлттық мәселеге келгенде, ресми түрде бізге интернационализм деп айтатын, бірақ қазақша сөйлегенімізде, жақтырмайтындар болатын. Мәселен, мен қазақ мектебінде оқығанда, қаланы орталығындағы жалғыз қазақ мектебіне Алматының шетінен келетінмін, - дейді Өмірбек Баялиев.
Үлкен жастағы және орта жастағы азаматтар қарашаның 7-күні қазан төнкерісін есіне алса, осыдан 17-18 жыл бұрын дүниеге келген жаңа буын өкілдерінің көпшілігі бұл тарихи оқиғадан өздерінің бейхабар екенін айтты.