Доминике де Вилепин мырзаның айтуынша, бұл жағдай “ұйымдасқан қылмыстық топтар” арқылы одан әрі таралмақшы. Төмен жалақылы, негізінен иммигранттар тұратын Париж қаласы аймақтарында және басқа қалаларда болып жатқан бей-берекеттіктерді басу үшін әскер қолдану мүмкіндігін де ол айта кетті. Өкімет басшысының айтуынша, егер қажет деп тапса, жергілікті ресми басшылықтардың коменданттық сағат ережесін енгізуіне мүмкіндік берілмекші.