Франциядағы бей-берекеттіктердің тағы бір түні өтті

Ел өкіметінің енгізген төтенше жағдайларға байланысты заңдарына қарамастан жастар көліктерді өртеп, Лион қаласында бір метро бекетіне шабуыл жасаған. Мұндағы метро сол себепті де жабылып тасталған екен. Дей тұрғанмен, полиция қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, көтерілісшілер екпіні басыла бастаған сыңайлы. Амиенс қаласында коменданттық сағат та енгізілген екен. Бұл бей-берекеттіктер Францияда осыдан екі апта бұрын басталған болатын. Францияда туылған Араб және Африка текті жастар нәсілшілдік пен жұмыссыздық үшін өкіметті айыптап отыр.