Амман. Аммандағы 57 адамды құрбан еткен жарылыстар жауапкершілігін Ирақтағы Әл-Қаида тобы мойнына алған, дегенмен де Иордания бас министрінің орынбасары Маруан Муашер бұған күдік келтіре сөйледі:
- Біз интернеттен жарылыстарды ішінде бір әйел болған төрт адамның ұйымдастырғаны жөнінде хабарларды көрдік. Біздің әзірге білетініміз - өзін-өзі жарған үшеудің ер адамдар болғаны. Тағы бір әйелдің де оған қатыстылығы және жанкештілердің ұлты кімдер болғаны жөнінде нақты растай алмаймыз. Мұның бәрі әлі зерттеліп-тексерілуде.
Иордания өз жері арқылы Ираққа өтетін жолдарды жапты. Жұма күні Иордания мешіттерінде құрбан болғандардың әруақтарына арналған арнайы шаралар өтті.