Көліктерге от қою үдерісі Франция бойынша азая түсуде

Полиция өкілдерінің айтуынша, өткен түні, яғни Франциядағы бей-берекеттіктер орын алған 17-ші түнінде 374 автокөлік отқа оранған екен. Ал, оның алдындағы түнде 502 көлікті көтерілісшілер жағып жіберген болатын. Парижде болса, өткен түні бір май қою бекетін олар жағып жіберген екен. Ресми өкілдер болса көтерілісшілерге қарсы қатаң шаралар қолданатындықтарына уәде беруде. İшкі істер министрі Николас Саркози бұл оқиғаларға байланысты:

“Егер Францияда тұру рұқсаты бойынша өмір сүргіңіз келесе, онда заңға сәйкес тұруға тиіссіз. Мұнда 15 күннен бері бей-берекеттіктер орын алуда. Елдің ресми заңдар жиынтығы болса, мұндай жағдайда тәртіп бұзушыны елден шығарып жіберуге мүмкіндік береді. Мен İшкі істер министрімін. Сондықтан мен заңды қолданамын”, - деді.