ЛОНДОН. Британия теледидарынан сөйлеген сөзінде Талабани егер шетел күштері елден қазір шығарылса онда Ирақ үшін бұл “апат” болады деді. Басқа да хабарларға қарағанда, Ресей ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Игор Иванов лаңкестікке қарсы күресте Ирақты қолдауға уәде берді. Бұл туралы Иванов Бағдадта Ирақ премьер-министрі Ибрахим Жафаримен кездесуінен кейін айтты.