ИЕРУСАЛИМ. Жексенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иран президенті Махмұд Ахмадинежадтың Израильді “әлем картасынан құрту керек” деген мәлімдемесін қайта сынады. Иерусалимде сөйлеген сөзінде Райс ханым қазіргі заманда басқа мемлекеттті жоюды көздейтін кісі елдің басшысы болмауға тиіс деді. Райс ханым сондай-ақ Сирияны да сынады. Оның айтуынша, Дамаск Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Хариридің өлімін зерттеп жатқан халықаралық тергеушілердің жұмысына өз үлесін белсенді түрде қоспай жатыр. Бүгін Кондолиза Райс Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін Израиль және Палестина басшыларымен оңаша кездеседі.