Бағдадта тағы бір қастандық жүзеге асырылды: 3 адам құрбан болды

БАҒДАД. Ирақтың батысында Сирия шекарасына жақын орналасқан Убайди қаласына АҚШ армиясының әуеден берген соққысынан 37-ге тарта көтерілісшінің көзі жойылды. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, 25-тей көтерілісші қолға түсті. 2.5 мыңдай АҚШ жауынгері мен 1 мыңдай Ирақ қолы қатысқан бұл операция сырттан келіп жатқан қару-жарақ пен шетелдік қарулы топтарға бөгет қоймақшы. Бүгін Ирақ астанасының үкімет кеңселері орналасқан” жасыл аймақ” ауданында бомба жарылып, 3 полиция қызметкері мерт болды, 7 кісі жарақат алды. Ал Рамади қаласында жол бойында жарылған бомбадан 6 кісі көз жұмды.