ИЕРУСАЛИМ. Газа аймағының шекарасы қарашаның 25-күні қайта ашылады. Израиль мен Палестина авономиясының лидерлерімен келіссөзінен кейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым бүгін осылай деп хабарлады. Иерусалимнің қонақ үйінде өткен келіссөзінен кейін өткізген баспасөз-маслихатында К.Райс: “1967 жылдан бері алғаш рет палестиндіктер өз жеріне кіру мен шығуды өзінің бақылауына алады... бұл – халықаралық Рафах өткелі 25-інші қарашада ашылады”, деп мәлімдеді. Оның айтуынша, палестиндіктер Газа мен Батыс жағалаудың арасын күзетпен қатынай алады. Газаның шекарасы – Израиль армиясы шывғарылған қыркүйек айынан бері жабық тұрды.