ВАШИНГТОН. Шығыс Азия елдеріне 8 күндік сапарының барысында АҚШ президенті Дж.Буш бүгін Жапонияға аялдады. Жапон премьер-министрі Дзьюничиро Коидзумимен келіссөзінің алдында Дж.Буш Киото қаласындағы Будда храмына баруға тиіс. Одан кейін “Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығына” мүше елдер басшыларының бас қосуына қатысу үшін Оңтүстік Кореяға, оның ізінше Қытай мен Монғлияға табан тірейді. Шығыс Азияға сапары кезінде Дж.Буш Солтүстік Кореяның ядролық поблемасы мен “құс тұмауына” қарсы ынтымақтасу мәселелерін талқылайтын болады. Бежинде президент Дж.Буш АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасының тұрақсыздығы проблемасын көтеруге тиіс.