АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд баспасөз мәслихатын өткізіп, Ирақ соғысына жол ашқан барлау мәліметтері қате болды, АҚШ сарбаздары Ирақ тұтқындарын қинайды деген мәселелер бойынша пікірін білдірді. Рамсфельд сыртқы істер министрі Колин Пауел тарапынан БҰҰ-на 2003 жылы ақпанда ұсынылған мәліметтерде біраз қате болғанын мойындады, бірақ мәліметтерді ешкім әдейі бұрмалаған жоқ деді. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Ирақ жойқын қаруға ұмтылып отыр, жойқын қару Ирақта болуы мүмкін дейтін. АҚШ әскері Ираққа кіргелі бері екі жылдан аса уақытта ешқандай жойқын қару табылған жоқ. Дональд Рамсфельд қамауда отырып шыққан екі Ирақ азаматының жеке мәлімдемелерін жоққа шығарды, америкалық сарбаздар оларды түрмеде қинаған емес деп жеке жағдайға түсініктеме берді.