Италияда бас министрдің билігі күшейтілмек

Италия парламенті конституциялық реформаны қолдап шешім қабылдады. Италияда бас министрдің билігі күшейтілмек, аймақтардың өздерін өзі басқару қабілеттері артылмақ. Италия конституциясы 1948 жылы қабылданғалы бері мұндай кең реформа тұнғыш жасалып отыр. Бас министр Силвио Берлускони өзгеріс үкімет жүйесін арттырады деп сипаттады. Оппозициялық партиялар реформа ұлттық бірлікке нұқсан келтіреді, келесі жылы референдумда реформаны қабылдатқызбаймыз деді. Дегенмен, конституциялық реформа келесі жылдың тамыз айына белгіленген парламенттік сайлаудан кейін іске асырылуы мүмкін. Реформаның негізгі өзгерістері тек 2011 жылы жасалмақ.