Әлемдегі ең терең су асты газ құбыры бүгін іске қосылмақшы

Көгілдір толқын атты жоба бойынша Ресей газы Қара теңіз табаны арқылы өтетін құбырмен Түркияға жеткізілетін болады. Құны 3 миллиард 200 миллион долларды құраған бұл жобаны Италияның ЕНИ ойл компаниясы мен Ресейдің Газпромы жасаған. Түркияның Дурусуында бүгін болатын ашылу салтанатына аталған үш елдің басшылары, яғни Түркия өкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған, Италияның өкімет басшысы Силвио Берлускони және Ресей елбасы Владимир Путин қатыспақшы.