Тунисте бүгін Ақпараттандыру қоғамының дүниежүзілік саммиті аяқталып жатыр

БҰҰ-ның қамқорлығындағы саммит үш күн жұмыс істеп отыр. Талқыланған басты мәселенің бірі - кедей елдерге интернеттің септігін тигізу. Бірнеше компания не бәрі жүз доллар тұратын қол компьютерлерді шығару жоспарларын жариялады. Бұл арзан компьютерлер сатуға түспесе де, білім министрліктері арқылы мектептерге таратылмақ.