Буш Қытай халқына көбірек бостандық берілуі тиіс дейді

БЕЙЖИН. Бейжинге сапары барысында АҚШ президенті Джордж Буш Қытайдың билік орындарын Қытай халқына көбірек әлеуметтік, саяси және діни бостандық беруге шақырды. Бұл туралы Буш мырза Қытай президенті Ху Жинтаомен кездесуінен кейін айтты. Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Қытайда Буштың сапары қарсаңында диссиденттердің қудалануына байланысты алаңдаушылығын білдірді. Америка бұдан бұрын да бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын, деді Райс ханым. Өз кезегінде Қытай президенті Ху Жинтао сауда саласындағы кемшіліктерді жою мақсатында Америка Құрама Штаттарымен бірге жұмыс атқаруға уәде берді. Буш мырза дүйсенбіде Монголияға барады.