Ирақтағы шабуылдардан 7 кісі құрбан болды

БАҒДАД. “Әл Қаида” ұйымының Ирақтағы жетекшісі Абу Мусаб әл-Зарқауи қаза тапқан болуы мүмкін деген хабарды Вашингтондағы АҚ Үй өкілі бүгін жоққа шығарды. Сенбі күні күдікке ілінген “Әл-Қаида” ұйымының 8 мүшесі оққа ұшып, 11 американ сарбазы жараланған болатын. Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Ирақта орын алған жарылыстан 4 адам құрбан болды. Бағдадта үш кісі оққа ұшты.