Сейсенбі күні Қазақстанда жарық көрген басылым беттерінде Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың ел экономикасына қатысты үкімет отырысында талқылаған ұсыныстары мен президентікке үміткер кандидаттардың ел арасындағы рейтингілік көрсеткіші, сондай-ақ үміткерлер арасында өткен телесайыс туралы да жазылған мақалаларға орын беріліпті.
«Айқын» газетінің 22-қараша күнгі санында жарияланған мақалада журналист Айхан Шәріп Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде талқылаған бірнеше мәселелерін жіпке тізгендей етіп көрсеткен. Мәселен, президенттің үкімет басшысы Д.Ахметовтың қадағалауына тапсырған мемлекеттік органдардың рейтингілік жүйесі, ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа моделі, тұрғын үй, мұнай-химия өндірісі туралы мәселелерін автор толығымен жан-жақты беруге ұмтылған. Тағы бірде президенттің: «...құлақтарыңа құйып алыңдар, біз оны міндетті түрде жүзеге асыратын боламыз! Дұрысы, қарсыласпаңдар, әйтпесе, «қайық сыртында» қаласыңдар!» деген сөзіне дейін автор қамтып отырған. Мақала соңы президенттің үкімет басшысына жекелеген тапсырма бергендігімен аяқталады. Ол мемлекеттегі «ойын-сауық мекемелерінің» санын қысқарту деп жазады «Айқын» газеті.
«Литер» газетінің сейсенбілік санында Жанна Ойшыбаева мен Әнел Даулетқалиқызының «Ертеңгі күннің сабағы» атты мақаласында үкімет отырысына қатысқан шенеуніктерден «Қазақстанда жақында қандай жағдай болады және қалай өмір сүру керек» деген сауал төңірегінде сұхбат алынған. Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев: «Мен көптеген үкімет отырысының куәгері болдым. Бірақ осы болған басқосу Қазақстанның жаңа бір сатыға шығып, экономиксының тағы бір қырынан дамуына» септігін тигізеді десе, Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев: «Президент маңызды мәселелерді алдыға тартып отыр. Екіншіден, құқық қорғау органдарының қызметкерлері санынан сапасы басым ойын-сауық орталықтарын тексерістен өткізіп, есірткі таратумен айналысатын орталықтардың санын қысқартады» деп сөзін аяқтаған. Сондай-ақ қос автор министрлер - Гүлжан Қарағұсова, Владимр Школьник пен Виктор Храпунов, Нұрғали Әшімов сынды әкімдердің де пікірін берген.
Ал «Жас Алаш» газетіндегі автор Мұхтар Жанұзақұлының «Төртеу - телесайыста, біреуі - мерейтойда» деген мақаласында қараша айының 17 жұлдызында өткен президенттіктен үміткерлер арасындағы телесайыстан үзінді берген. Автор сол күні бірінің шаңырағында жарық сөніп қалса, енді бірі қаладағы бағдаршамдардың кесірінен уақытында үйіне жете алмай кешігіп қалған дей келе, телесайысқа қатысқан төрт кандидаттың сөйлеген сөздерін толық берген. Бірінші болып сөз алған Жармақан Тұяқбай: «Бүгінгі келген төртеуміз билікте жоқ адамдармыз. Төртеуміздің сауалдарымыз тек бір ғана адамға бағытталған болатын. Бірақ, ол адам арамызда жоқ.. Жеріміз бай дейміз, бай болса, неге кедейшілік пен жұмыссыздық жойылмайды?» деді. Екінші болып сөз алған Әлихан Бәйменов: «Мұнай өндіретін елде тұрсақ та, бізде кедейшілік асқынып бара жатыр десе, Мэлс Елеусізов, бұл сайыстағы сөзін орыс тілінде бастаған. Журналист Мұхтар Жанұзақұлының баяндауынша, М.Елеусізовтың «Жаңа жол ұсынамын» деп қайталай айта бергенімен оның қандай жол екендігінен еш хабар бермеген. Ал Ерасыл Әбілқасымов басында өзінің өмірінен қысқаша мағлұмат берсе, сайлаудың екінші кезеңінде бүгінгі президентті жеңіп шығатындығын нық сеніммен жеткізіпті. Автор мақала соңында бір жарым сағатқа белгіленген телесайыстың 1 сағаттан аса болғандығынан хабардар етті.
Ресми ақпарат көздерінің мәліметінше, президенттің дәл сол күні Украинада маңызды кездесулер өткізгендігін хабарлаған. Алайда Н.Назарбаев 7 жылда бір рет болатын кандидаттардың телесайысы өтіп жатқанда Украинадағы Днепродзержинск қаласындағы кәсіптік-техникалық училищесінің мерейтойында жүрген» деп жазады «Жас Алаш» газеті.
«Экспресс К» газетінің бүгінгі санында Руслан Бахтигареевтің «Біреу жоғалтады, біреу олжалайды» деген мақаласында «Қазрейтинг» ұлттық сараптамалық агенттігінің зерттеулерінің төртінші кезеңін аяқтағанын жазып, қортындысымен таныстырған. Бұл мониторинг қарашаның 17-сі мен 20-сы аралығында өткізілген. Аталмыш мақалада 1000-нан аса респонденттен сұрақ-жауап алынғаны жазылған. Респонденттердің 76,3 пайызы өз дауысын Н. Назарбаевқа берсе, Ж.Тұяқбайға 7,6, Ә.Бәйменовке 4,7, Е.Әбілқасымовқа 0,6, Мэлс Елеусізовке 0,4 пайыз дауыс берілген. Бұл көрсеткіште алғашқылармен салыстырғанда Н.Назарбаев 5 пайыз дауысты қосып отырса, қалған президенттікке үміткер төрт кандидаттың пайыздық көрсеткіштері күрт төмендегенін жазады «Экспресс К» газеті.