БҰҰ Түрменістандағы адам құқықтары жағдайына алаңдайды

НЬЮ-ЙОРК. БҰҰ Бас ассамблеясының әлеуметтік және гуманитарлық мәселелері бойынша комитеті Түркменістанда саяси оппозициялық топтардың қудалануына, бұқаралық ақпарат құралдарының тұншықтырылуына және елдің заңнамалық жүйесіне байланысты алаңдаушылығын білдірді. Аталған комитет Түркменістан билігін елде адам құқықтарын бұзуын тоқтатуға шақырды.