МӘСКЕУ. Грузия премьер-министрі Зураб Ногаидели Мәскеуде Абхазия мен Оңтүстік Осетиядағы жанжалды үйлестірудің келешегі сынды тақырыптар бойынша келіссөз жүргізеді. Жұма күні Ногайдели – ТМД елдерінің премьер-министрлері кеңесінің мәжілісіне қатысуға тиіс. Таяуда грузин оппозициясының бастамасымен Грузия парламенті елдің ТМД-ның құрамында қала беруінің маңызы мәселесін қарауға кірісетін болып шешті.