Ирақ бас министрі Хошияр Зебари Жапонияға қайырылып, Ирақта 600 сарбаздан тұратын жапон жасағын ұлғайтуды сұрады. Жапония бас министрі Жюнихиро Койзуми өтінішті орындау мүмкіншілігі жайында ешқандай сипаттама айтпады. Жапония сапарында жүрген Ирақ бас министрі елімізде 15 желтоқсанда сайлау өтеді, жапон әскерінің қолдауына мұқтажбыз деді. Жапония жасағының Ирақтағы қызметі 14 желтоқсанда аяқталуға тиіс. Жасақ қызметін созу мәселесін жақын арада шешеміз деп Жапония сыртқы істер министрі Таро Асо кеше айтқан болатын.