Хабаровск өлкесінің әкімшілігі төтенше жағдай тәртібін жарияламақ

Оның себебі Қытайдың Соңхуа өзен суымен келе жатқан 80 километрге созылған улы заттар Амур өзеніне қосылмақ. Бір жарым миллион тұрғыны бар Хабаровск қаласының халқы ауыз суды Амур өзенінен алады. Қытайдың Жилин провинциясында химия зауытында 13 қарашада орын алған апаттан төгілген бензол Соңхуа өзенін улаған. Хабаровск өлкесі басшыларының бірі Владимир Поповтың айтуынша, улы су ағысы Хабаровскіге 1 желтоқсанға таман жетуі мүмкін.