Газа секторы мен Египет арасындағы Рафах бекеті бүгін ресми түрде бірінші жұмыс күнін өткізіп жатыр, Палестина үкіметінің бақылауында алғаш қызметін бастады. Желтоқсан айының ортасына таман Рафах бекеті күніне төрт сағат істейді. Содан соң Еуропа Одағы бақылау тобы қызметіне кіріскен соң Рафах бекеті тәулік бойы істейді. Рафах бекетінің маңызы – бұл Палестинаны сыртқы әлеммен тікелей жалғайтын жалғыз жол. Палестиндіктер осы күнге шейін Израиль арқылы өтуге мәжбүр еді, бұл әр жолаушының жүгі тексеріліп, сұрақ-жауап айтылғанша бірнеше сағат уақытын алатын. Келісім бойынша Израиль мемлекет орындары Рафах бекетінен өтетін жолды бейнекамералар арқылы бақылап отырады.